18 Наурыз — Ұлттық киім күні

2026 жылдың 18 наурызы күні «Астана орманы» ЖШС-де ата-бабаларымыздан қалған бай мұра — ұлттық киімдерімізге құрмет көрсетуге арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ұлттық киімдерге шолу жасалды. Атап айтсақ, ер азаматтардың бас киімі айыр қалпақтың тарихы жайлы айырықша түсінік берілді. Осы бас киімге орай айтылған «Тамыры бір бөлінбес, өзегі бір жойылмас” дегендей кәсіпорынымыз ниеті бір, ойы бір мемлекеттей өсіп-өркендесің деп тілейміз. Әрбір азамат өз мәдениетін қадірлеп, ұлттық болмысын сақтауға үлес қосып қазақ елінің мәдениетін, құрметін арттыра берсін дейміз. Жыл басы Наурыз мейрамымыз құтты болсын! Шаңырағымыз шаттыққа кенеліп, көркейе берсін!

https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2026/03/IMG_0355-scaled.jpeg|https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2026/03/IMG_0289-scaled.jpeg|https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2026/03/IMG_0287-scaled.jpeg|https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2026/03/IMG_0317-scaled.jpeg|https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2026/03/IMG_0355-1-scaled.jpeg