«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелеріне жаппай талдаудың басталғандығы туралы хабарландыру

«Астана орманы» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің

 ішкі талдау нәтижелеріне жаппай талдаудың басталғандығы туралы хабарландыру  

2024 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 3 маусымынан бастап «Астана орманы» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қызметіне СЖТІТ жүргізу жүзеге асырылуда.

Серіктестік директорымен бекітілген 2024 жылғы 24 мамырдағы № 71-Ө бұйрығының 2-қосымшасының 5-тармағына сәйкес, Серіктестік қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жаппай талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Осыған байланысты барлық мүдделі тараптарды СЖТІТ нәтижелерін талқылауға қатысуды сұраймыз.

Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға қатысты сұрақтарға  қызығушылық танытқандарға +7 (707) 996-34-33 («Астана орманы»ЖШС комплаенс офицері) телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

21.06.2024ж

Smart Astana

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Smart Astana»мобильдік қосымшасын қолдануды жүзеге асыруда.

Бұл әмбебап құрал енді елорда азаматтарына кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тез және жасырын түрде хабарлауға мүмкіндік беретін «Stop сыбайлас жемқорлық» функциясын қамтиды.

Осылайша, өз құқықтарын қорғау және әділ қоғам құру принциптеріне ықпал ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ

Хабарландыру

Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.

Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Тұрғындар ағымдағы жылдың 13 маусымда сағат 16:00 — 18:00 аралығында №1 Автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында (Сәбит Мұқанов көшесі, 2) құқықтық кеңес ала алады.

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.

Менің рәміздерім — менің мақтанышым!

2024 жылдың 04 маусымы күні «Астана орманы» ЖШС Қазақстан Республикасының рәміздер күніне байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.  Серіктестік қызметкерлері зор мақтанышпен Қазақстан Республикасының Әнұраның орындады. Қызметкерлер мерекемен әріптестерін құттықтады. Сонымен қатар қызметкерлерді іріктеп алу менеджері Байгундина Бақытгүл Қамзеқызы Қазақстан Республикасы рәміздерінің шығу тарихымен таныстырып өтті.

#АстанаМемлекеттікрәміздеркүні#Меніңрәміздерімменіңмақтанышым#Меніңтуым

https://astanaormany.kz/wp-content/uploads/2024/06/WhatsApp-Image-2024-06-04-at-17.20.01-scaled.jpeg